Шымкент тұрғыны жалған 1900 АҚШ долларын сатпақ болған

0
185

Оқиға Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде болған.


Шымкент тұрғыны жалған 1900 АҚШ долларын сатпақ болған

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР Қаржылық мониторниг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ъ"Аталған факті бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторнг агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті тергеді.
Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — делінген хабарламада.


Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Агенттік егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспау керегін ескертеді. Мұның соңы ҚР ҚК 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

«Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу ҚР ҚМА 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет» - деп ескертеді агенттік мамандары.