ШЫМКЕНТ: Түркістандық медбикені зорлаған дәрігер ұсталды

0
975

Күдікті дәрігер бұрын да қала тұрғынын қорлап, айыпты болған.


ШЫМКЕНТ: Түркістандық медбикені зорлаған дәрігер ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер Түркістан облыстық ауруханасының медбикесін зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің ақпараты бойынша, күдікті азамат бұрын да қала тұрғынын қорлағаны үшін айыпталған дәрігер болып шықты.

Сондай-ақ, қылмыстық іс Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасына жолданған.

«Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен және 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ұсталған. Қылмыстық іс айыптау актісімен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасына жолданды», - делінген Шымкент қалалық ІІД-нің хабарламасында.