ШЫМКЕНТ: ​ұлдар арасында ұлттық құндылықтар туралы жиын өтті

0
308

Сонымен қатар, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және жаза» тақырыбында жастармен кездесу өтті.


ШЫМКЕНТ: ​ұлдар арасында ұлттық құндылықтар туралы жиын өтті

Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы аясында жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ұлдар Парасат колледжінің студенттерімен ұлдар кеңесі өтті.

Аталған іс-шараға Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы Баймурунова Раушан Асановна; №13 қалалық емханасы Жастар денсаулық орталығының уролог-андролог дәрігері Бабаханов Данияр Бахтиярович; Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан Қанатұлы қатысты.
Іс-шара барысында ұлдарымыз болашақ әке болатындықтан оларға зиянды әдеттерге жоламау, суық тигізбеу, бойларына қазақ жігіттеріне тән тек жақсы қасиеттерді сіңіруді айтып өтті.
"Жігіт келбеті қандай болуы керек" деген сауалға ұлдар өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ ұл балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруға көңіл бөлулеріне, ішімдік пен темекінің зияндығы жөнінде мәліметтер берілді. Жыныстық қатынасқа бармау туралы,сол арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алуды ескертті. Уақытылы дәрігерге қаралып тұруды ұсынды.
Сонымен қатар, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және жаза» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
Индустриялды техникалық колледжінде өткен кездесуге Шымкент ҚПД Тұран ауданы полиция аға лейтенанты Иляс Серікболсын қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді.
Жастарды құқықтық ақпараттармен қамту мақсатында өткен жиында, жастарға түрлі ақпараттар айтылып, сала мамандары заң аясынан тыс әрекеттер жасаған жағдайда қандай жауапкершілік көздері қаралғандықтары жөнінде де айта кетті.

Кездесу соңында кері байланыс орнатылып, жастар тарапынан келген сұрақтарға жауап берілді.