​ШЫМКЕНТ: "Үлкен үй" телехикаясы жаңа маусымын бастайды

0
2 992

Телехикаяға елге танымал өнер жұлдыздары түскен.


​ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласында "Асыл арна" телеарнасы түсірген "Үлкен үй" телехикаясы 6 маусымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған кинотуындының алдын ала көрсетіліміне зиялы қауым өкілдері, сериал актерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Атап айтсақ, кәдімгі ауылдың өмірі бейнелеген телехикаяға елге танымал Жүсіп Ақшораев, Нұржан Төлендиев секілді бірқатар өнер жұлдыздары түскен.
"Бұл телехикаяда қарапайым ауыл тұрғындарының өмірі, қоғамдағы өзекті мәселелер мен жастарға тәлім-тәрбие беретін жағдайлар суреттелген", - дейді "Алдараспан" театрының директоры Нұржан Төлендиев.
Айта кетейік, бұған дейін аталған сериалдың 4 маусымы таспаланып, 60 бөлімі көпшіліктің назарына ұсынылған болатын.