"Shymkent Urban Farm Festival": Шымкентте фермерлік фестиваль өтеді

0
605

24-25 қыркүйек аралығында «BAQYT» сауда алаңында өтеді.


Шымкент қаласында 24-25 қыркүйек аралығында «BAQYT» сауда алаңында "Shymkent Urban Farm Festival" атты бірінші қалалық фермерлік фестиваль өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сүт және ет өнімдері, кептірілген, мұздатылған балық, балдың түрлері, көкөністер мен жемістер, ірімшік, кондитерлік өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ, тамақ дайындауға арналған фуд-корттарды да тұтынуға болады.

Сонымен қатар, келушілер үйге қажетті табиғи өнімдерді сатып алу үшін ауылшаруашылық өнімін өндірушілерімен тікелей келісуге және бүкіл отбасымен демалуға мүмкіндік алады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін алғыларыңыз келсе 24-25 қыркүйек аралығында өтетін "Shymkent Urban Sarm Festival" атты бірінші қалалық фермерлік фестивалына келіңіздер!

Фестивальда фермерлер 10:00-ден 20:00-ге дейін сіздер үшін қызмет етеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Текемет-fest»этнофестивалі басталды. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан екі күндік қолөнер шеберлерінің фестивалінеШымкент қаласымен қатар, іргелес Түркістан облысының Сауран, Арыс ауданы және Өзбекстан, Қырғызстан елінен қолөнер шеберлері қатысуда.

Фестивальде қойдың жүнін қырқудан бастап, дайын болғанға дейінгі үрдістің қалай жүргізетініняғни, жүн сабау, түту, бояу, тарау, шабақтау, шүйкелеу, түр салу, текеметті басуды көрсетті. Он саусағынан өнері тамған шеберлер басқан ою-өрнекті текеметтер көздің жауын алады.

«Текемет-fest»-тетүрлі ұлттық нақыштағы кәдесый, төрт-түліктен өндірілетін өнімдерден жасалған бұйымдардың көне үлгілері, бүгінгі заманауи өнімдерден құрылған көрме жасақталды.

Айта кетейік, фестиваль бүгін де жалғасады.