ШЫМКЕНТ: үздік тәжірибелік орталықтар қызмет сапасын арттырады

0
745

Жоба аясында пациенттер қызмет сапасын бақылай отырып, жұмысты жақсартуда өз ұсыныстарын жеткізеді.


ШЫМКЕНТ: үздік тәжірибелік орталықтар қызмет сапасын арттырады

Шымкентте медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында қалалық №1, №3 емханаларда «Үздік тәжірибелік орталықтары» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда қызметкерлер тұрғындарға әлеуметтік, репродуктивті және психикалық бағыттар бойынша қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ жастар денсаулығы, отбасылық, ана мен бала бұрыштары қарастырылған.

Мақсат – медициналық көмектің қол жетімділігін арттырып, халықтың сауаттылығын көтеру, кешенді профилактикалық жұмыстарды жүргізу, тың жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, арыз-шағымдарды азайтуға бағытталған әдістемелік жұмыстарды жүйелеу болып табылады.
Жоба аясында пациенттер қызмет сапасын бақылай отырып, жұмысты жақсартуда өз ұсыныстарын жеткізеді. Мұндай орталықтар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үздік әдістемесі бойынша іске асырылуда.