Шымкент вокзалында ASHYQ жобасы іске қосылды

0
562

Вокзалға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар жіберілмейді.


Шымкент вокзалында  ASHYQ жобасы іске қосылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

1 шілдеден бастап Ashyq жобасы Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан және Шу вокзалдарында енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Енді станцияға кіре берісте жолаушы Ashyq қосымшасы арқылы өзінің «жасыл» немесе «көк» мәртебесін растауы керек. Мұны смартфонда Kaspi.kz, Homebank, Aitu арқылы немесе вокзал қызметкеріне өзінің ЖСН көрсетуі қажет. Шетелдіктер станциядағы мәртебесін төлқұжат нөмірі бойынша тексере алады.
18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ. Вокзалға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар жіберілмейді. Өз мәртебеңізді алдын ала www.ashyq.kz сайтындағы бейтарап QR коды арқылы тексеруге де болады.
Бұған дейін маусым айында жоба Нұр-Сұлтан, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы вокзалдарда іске қосылған болатын.