​ШЫМКЕНТ: «Жайдарман» ойындарының жартылай финалдық кезеңі өтті

0
786

«Жайдарман» ойындарының ½ финалдық кезеңінде 12 команда жарысқа түсіп, нәтижесінде финалдық ойында 6 команда өнер көрсететін болады.


​ШЫМКЕНТ: «Жайдарман» ойындарының жартылай финалдық кезеңі өтті

Шымкент қаласында дарынды жастар арасында «Жайдарман» ойындарының қалалық ½ жартылай финал ойыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты – жастар арасында белсенділігі жоғары, еліміздің түкпір-түкпірінде дамыған «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, жастар арасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, елімізде белсенділігі күшейген жобада жастарға қолдау көрсету. Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.

Қаладағы оқу орындары арасында өткен «Жайдарман» ойындарының ½ финалдық кезеңінде 12 команда жарысқа түсіп, нәтижесінде финалдық ойында 6 команда өнер көрсететін болады.

Жайдарманның ең басты ерекшелігі — өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Онда сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды.

Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы – жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосу мен жастардың өмірде өз орнын дұрыс таба білуге баулиды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында «Жайдарман-2022» маусымашары өткен болатын. Фестивальге еркін құрама командадан жасақталған 15 топ өнер көрсетті. Қазылар алқасының құрамында танымал әзілкеш Қабдол Тілеков, Оңтүстік өңірінің мақтанышы, әлем чемпионы Біржан Жақып, Әзіл әлемі театрының белгілі актеры Медет Досқанаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұрат Жолдықожаев және Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманбек Орынбек болды. Бұл жолғы маусымашар сахна төріне алғаш қадам басқан жас жайдарманшылардың тұсаукесері болды.