ШЫМКЕНТ: Жаңаталапта 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді

0
653

Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы, ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексерді.


ШЫМКЕНТ: Жаңаталапта 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Шымкент қаласы Жаңаталап тұрғын алабында 2 ойын алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үшінші мегаполисте халық санының өсуімен қатар, балалар ойын алаңшасына деген сұраныс артуда.

Жайлы орта қалыптастыру бағдарын ұстанған Шымкенттің Жаңаталап тұрғын алабында бүгін 2 ойын алаңшасы ел игілігіне берілді.

Жұмыс барысымен танысқан қала басшысы, ойын алаңшасына орнатылған құрылғылардың сапасын тексеріп, қосымша жұмыстар бойынша мердігер мекеме және тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктесе, тұрғындардан өз алаңшаларын күтіп ұстауды өтінді.

Сонымен қоса, Шымкент қаласы Тұран шағынауданында жыл соңына дейін тағы 4 ойын және спорт алаңшасы бар кешен ел игілігіне берілмек. Өткен оқу жылында Тұран шағынауданында №79 жалпы орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Балалар 1200 орындық білім ордасында екі ауысыммен оқиды. Бұл мектеп типтік негізде салынған, ашық спорт алаңшасы бар. Ал, бөбекжайлар мен балабақшалар мемлекеттік жан басына қаржыландыру негізінде жекеменешік нысандардың көмегімен жүзеге асырылып отыр. Көп қабатты үйлердің ауласына бүлдіршіндерге арналған ойын және спорт алаңшалары салынған. Мәселен, 192 орамдағы 16 көп қабатты үйдің алдына 8 кешен орналасқан.

Жалпы биыл Абай ауданы аумағында 15 спорттық және 17 балалар алаңшасы халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында салынды.

Айта кетейік, биыл қаламызда бюджет есебінен 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, Абай ауданында - 25, Әл-Фараби ауданында - 9, Еңбекші ауданында - 11, Қаратау ауданында - 6 спорт алаңшаның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Жалпы алғанда 51 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада жалпы 346 алаңша бар.