​ШЫМКЕНТ: ​ Жандосов-Жібек Жолы көшелерінің қиылысы саябаққа айналады

0
173

Бұл жұмыстар биылғы жылға жоспарланып отыр.


​ШЫМКЕНТ: ​ Жандосов-Жібек Жолы көшелерінің қиылысы саябаққа айналады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Әл-Фараби ауданына қарасты Жандосов, Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы бос жатқан 20 соттық жерге саябақ салынады.


Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендерді аралау барысында осы аумаққа арнайы барып, демалыс орнының жоспарын пысықтады. Қазір жер теліміне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік акт жасалуда.


Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, мерзімінде жүргізіп, халыққа қолайлы орта қалыптастыруда нақты тапсырмалар жүктеді. Заманауи талапқа сай салынатын саябақ биыл пайдалануға беріледі.

Жандосов көшесі Сасбұқаев көшесінен Адырбеков көшесіне дейін ұзартылады. Қала әкімі аталған нысанда болып, құрылыс жұмыстарының жобасын нақтылады. Қазір мұнда қозғалыс қарқыны жоғары. Жібек жолы көшесінің бойында әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер мен «Айна», «Көктем» базарлары орналасқан. 4 жолақты 336 метр жолдың жобасы көшелердегі көлік ағынын жеңілдетіп, кептелісті азайтуға бағытталған. Адырбеков көшесі бойымен қатынайтын көліктер, Жандосов көшесі арқылы Ерімбетов, Шаяхметов көшелеріне өте алатын болады.

Қала әкімі басқарма басшыларына жер телімдерін қайтару жұмыстарын тездетіп, инфрақұрылым желілерін жер астымен жүргізу бойынша тапсырмалар берді. Бұл жұмыстар биылғы жылға жоспарланып отыр.