ШЫМКЕНТ: Жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

0
3 463

Атап айтсақ, жаңа басшы осы уақытқа дейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.


ШЫМКЕНТ: Жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы болып Әшірбеков Берік Айдарұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Берік Әшірбеков 1986 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша инженер.

Еңбек жолы

2005 жылы Созақ аудандық жер кадастр бюросының маманы болып бастаған;

2008-2016 жылдары «Астана қала FӨО жер» ЕМК МЖК ААЖ орталығының маманы, жер кадастр бөлімінің маманы, директордың көмекшісі, өнеркәсіптік-азаматтықмақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу бөлімінің бастығы, Солтүстік Қазақстан ҒӨО жер филиалы директорының орынбасары,Шымкент қаласы жер қатынастар бөлімінің нұсқаушысы, өндірістік сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;

2017 жылы «Алматы тазалық» МКМ-сі директорының орынбасары қызметін атқарған.