Шымкент ЖИТС-тің алдын алу бойынша үздік үштікке енді

0
598

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марараттап, алғысын білдірді.


  Шымкент ЖИТС-тің алдын алу бойынша үздік үштікке енді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енді.

Үздік атанған мекемені ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марараттап, алғысын білдірді.
Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі ЖИТС орталықтарының қызметін бағалаудың жоғары рейтингтік көрсеткіштері бойынша ҚР ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 20 орталықтың арасында III орынды иемденді.
Қазіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тегін антиретровирустық терапиямен (АРТ) қамтуды арттыру мүмкіндігі туып отыр. Орталықтың аккредиттелген зертханасында инфекциядан кейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін 4 буынды жоғары сезімтал тест жүйелерін пайдалана отырып, жалпы халықты және негізгі топтарды АИТВ-ға тестілеу,мемлекеттік және халықаралық стандарттар ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
ЖИТС орталығы жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту бойынша жұмыстар жасауда.