ШЫМКЕНТ: Жұлдыз тұрғын алабындағы кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды

0
460

Магистралды құбыр 1740 абонентті кәріз жүйесімен қамтып отыр.


ШЫМКЕНТ: Жұлдыз тұрғын алабындағы кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды

Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты "Жұлдыз" тұрғын алабында 7,1 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай, бүгін қала әкімі Еңбекші ауданына қарасты “Қарабастау” және “Жұлдыз” елді мекендеріне барып, инженерлік жүйелер құрылыс алаңына барып, қоғам белсенділерімен кездесті.

Нәтижелі жұмыстардың арқасында “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Мұны жұлдыздықтар ұзақ күткен болатын. Өйткені, көпқабатты үйлерге арналған кәріз жүйесі 20 жыл бұрын апатты жағдайға түсіп, істен шыққан еді. Қазіргі жасалған жоба бойынша магистралды құбыр 1740 абонентті кәріз жүйесімен қамтып отыр.
Кездесуде белсенді халық атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, жаңақұрылыс аймағын табиғи газбен қамтуды сұрады. Осыған байланысты арнайы жұмыстар жүргізіліп, газ тарту мақсатында жобалау-сметалық құжат әзірленуде.
Шаһар басшысы барлық іс Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын айтып, түсіндірді.