“@shymkentqauipsizqala”: Шымкентте құқық бұзушылықтар туралы жаңа парақша ашылды

0
459

Аталған парақшаға құқық бұзушылықтар туралы нақты құқық бұзушылықтың мазмұны, орыны және уақыты қамтылған мәліметтерді көрсете отырып, ұсына аласыздар.


“@shymkentqauipsizqala”: Шымкентте құқық бұзушылықтар туралы жаңа парақша ашылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Қала прокуратурасының бастамасымен Шымкент қаласының Полиция департаменті кез-келген азаматтар орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну үшін «Instagram https://instagram.com/shymkentqauipsizqala?igshid=... »және «Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=1000813099... » әлеуметтік желілерінде «@shymkentqauipsizqala » парақшаларын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған парақшада көрсетілген ұялы байланыс телефонының нөміріне «8778-341-73-90» «WhatsApp» желісі арқылы орын алған құқық бұзушылықтар туралы нақты құқық бұзушылықтың мазмұны, орыны және уақыты қамтылған мәліметтерді көрсете отырып, ұсына аласыздар.
Қала тұрғындарымен кері байланыс орнату мақсатында жарияланған ақпараттар бойынша қалалық Полиция департаменті шұғыл түрде заңмен белгіленген шараларды қабылдап, нәтижесі аталған парақшаларда хабарланатын болады.