Шымкентте 12 мамырдан бастап бірқатар нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді

0
770

Мегаполисте ертеңнен бастап бірнеше нысандардың жұмысын жалғастыруына рұқсат берілді.


Шымкентте 12 мамырдан бастап бірқатар нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді

Шымкент қаласында карантин режимі жеңілдетіліп, бірқатар нысандар өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеп, ертеңнен бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген нысандарды атады.

Олар төмендегідей:
* Медициналық орталықтар, сауда ойын-сауық орталықтарына рұқсат беріледі. Алайда, оның ішіндегі ойын-сауық қызметтеріне шектеу қойылады. Яғни, балалар ойнайтын алаңшалары, мұз айдыны, тамақтану орындарына адамдардың баруына тыйым салынған.
* Қоғамдық тамақтану орындары бұрыңғы тәртіппен жұмыс жасайды. Таңғы 10-нан кешкі 22:00-ге дейін онлайн тапсырыс беру арқылы жұмыс жасайды.
* Қала ішіндегі тойханаларға да рұқсат жоқ.
* Көлік және мал базарларынан басқа сауда орындары жұмыс істейді.
* Құрылыс дүкендері, гүл, зоодүкендердің жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.
* Техникалық қызмет көрсететін орындар, яғни, автожуу, шиномонтаж, автосалондар өз қызметтерін жалғастыра алады.
* Бизнес центрлер. Оның ішінде сақтандыру компаниялары, адвокаттық қызметтер, нотариустерге, бухгалтер және консалтингтік қызметтер, жеке сот орындаушылардың қызметіне рұқсат беріледі.
* Типографиялар, тігін және аяқ киім шеберханаларына рұқсат етіледі.
* Туризм саласына байланысты қонақ үйлер мен хостелдер
* Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы кезең-кезеңмен жұмыс істейтін болады. Ертеңнен бастап, 4 ауданда бизнеске қызмет жасау үшін ХҚКО ашылады.Сонымен қатар, арнайы авто цондар ашылады.
Алайда, барлық нысандардағы санитарлық жұмыстар сақталуы шарт екенін атап өтті қала әкімінің орынбасары.