Шымкентте 13 вагон жолдан шығып кетіп аударылды

0
795

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер еткен.


Шымкентте 13 вагон жолдан шығып кетіп аударылды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп аударылды, деп жазады baq.kz.

"2020 жылғы 24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып (вагондар бос, құрамында 21 вагон болған), аударылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер еткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, 5 жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.


Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, «ҚТЖ» АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.


Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде.

Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.