Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

0
447

Іздеу салады!


Шымкентте 19 жастағы жігіт жоғалып кетті

Шымкент полицейлері 19 жастағы жоғалған жігітті іздеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

15 қазан күні Абай АПБ-на жас жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен.
Әжесінің айтуынша 2004 жылы туған Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.
Ер жігіттің жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған.
Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз, делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз хабарламасында.