​Шымкентте 2000 мыңнан астам зейнетақыға өтініші рәсімделген

0
1 034

Шымкент қаласы бойынша 79 726 зейнеткер бар.


​Шымкентте 2000 мыңнан астам зейнетақыға өтініші рәсімделген

Шымкентте жыл басынан бері 2 мыңнан аса азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2 104 азаматқа рәсімделген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының ұсынған мәліметіне сүйнесек, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 79 726 зейнеткер бар.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған – 5954, ал ең аз өңір ол –
Шымкент қаласында, мұнда не бары 2 320 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған.

«Біздің корпорациямыз зейнеткерлікке шығу рәсімін барынша жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Бір жыл бұрын зейнеткерлікке бір өтінішпен шығуға мүмкіндік беретін композит қызметін енгізілген болатын. Ал, биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлікті рәсімдеуге мүмкіндік беретін проактив қызметін іске қосылған болатын. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметті демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады»,дейді филиал директоры Данабек Исабеков..

Айта кетейік, зейнеткерлік жасқа жетуіне, базалық зейнетақының төленуі мен мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдерді төлеу сияқты төрт өтініштің орнына бір ғана өтініш өткізуге мүмкіндік беретін композит қызметі 2018 жылдың қазан айында енгізілді.

Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс білдіретін смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгізілді. Әзірге бұл қызметті мемлекеттік корпорациядан зейнеткерлікке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.