Шымкентте 2000-нан астам дау кәсіби медиаторлардың араласуымен келісімге келді

0
661

Шетел азаматтарының қатысуымен 200-дей медиативтік келісім жасалды.


Шымкентте 2000-нан астам дау кәсіби медиаторлардың араласуымен келісімге келді

Шымкент қаласында 2000-нан астам дау кәсіби медиаторлардың араласуымен келісімге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медиация – ел тарихында, екі арадағы қарым-қатынасты реттеу шарасы ретінде қарастырылды және ру-аралық қарым-қатынастарда үлкен рөл атқарды. Мәселен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері өңірлерге шығып, көптеген түйткілді мәселелерді шешуге өзіндік үлесін қосып, медиатор болған.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 2011 жылдың қаңтарында қабылдана отырып, ҚХА бүгінгі таңда азаматтық қоғам мен билік арасын байланыстырушы медиаторға айналды.
Медиация - дау-жанжалдарды өркениетті жолмен шешуге ықпал жасайды. Қоғамдық қатынастар саласында кәсіби медиаторларды дайындау уақыт талабына айналған. Осы орайда 2011 жылы «Халықаралық медиация орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестік құрылды.
Шымкент қаласы бойынша сотқа дейін, сот барысында және соттан кейінгі отбасылық мәселелер, еңбек және жер дауы, мұрагерлік пен мүлік бөлісу, қарыз ақша мен кәсіпкерлік келісім шарттарды медиативтік келісіммен жасау, сондай-ақ қылмыстық істер, жалпы саны 2000-нан астам дау кәсіби медиаторлардың араласуымен келісімге келді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Халықаралық медиацияға ерекше көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде шетел азаматтарының қатысуымен 200-дей медиативтік келісім жасалды. Медиация практикасы – қоғамның кемелдену белгісі, азаматтық сана-сезімнің белгілі бір деңгейі.