Шымкентте 22 жасөспірім заңды өкілінсіз жүрген

0
665

Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте 22  жасөспірім заңды өкілінсіз жүрген

Шымкентте аудан аумақтарында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруін анықтаe мақсатында рейд өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданының әкімдігі жауапты ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірлесе жүргізген рейдтік іс-шара барысында А.Байтұрсынов, Б.Момышұлы, Республика, Тәуке хан даңғылы, А.Асқаров, Ә.Жангелдин, Ш.Қалдаяқов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен Арбат аумағында орналасқан ойынханаларда кәмелет жасына толмаған, заңды өкілінсіз жүрген 22 жасөспірім анықталды.
Іс-шара нәтижесінде кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауданда құрылған мобильді топ карантиндік талаптарды сақтамаған 7 ойынхананы (компьютерлік клуб) жауапкершілікке тартты. Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.