Шымкентте 31 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

0
2 018

Биыл 26766 отбасыға шартты, 4 176 отбасыға шартсыз ақшалай көмек көрсетілді.


Шымкентте 31 мыңға жуық  отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Шымкентте 31 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған республикалық және жергілікті бюджет есебінен 17,9 млрд. теңге бөлінді. Биыл 26766 отбасыға шартты, 4 176 отбасыға шартсыз ақшалай көмек көрсетілді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балалары кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен қамтамасыз етілді. Оған бюджеттен 1841,2 млн.теңге бөлінді. Жыл басынан бері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығы үлестіріліп келеді.