Шымкентте 33 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады

0
2 332

Өткен жылы 68 584 адам жұмыспен қамтылды.


 Шымкентте  33 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады

Шымкентте өткен жылы 68 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қ.Сайлауов мәлімдеді.


- Шымкентте жалпы 68 584 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 34 847 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 8 753, мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 24 984 адам жұмыспен қамтылды, - деді басқарма басшысы.

Халықты еңбекпен қамту бағытындағы бағдарламалар биыл да өз жалғасын табады. Аталған бағдарламалар аясында жыл соңына дейін 33 385 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.