Шымкентте 4000 дана жол белгісі орнатылды

0
703

Келер жылғы жоспарға сәйкес, 15 аймаққа бағдаршам орнату жоспарлануда.


Шымкентте 4000 дана жол белгісі орнатылды

Шымкент қаласының қауіпсіз жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы қала көлемінде 284 бағдаршам нысаны болса, биыл қажеттілігі бар аймақтарға қосымша 12 бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар, қала көшелеріне жалпы 450 шақырым жол таңбалары сызылып, 4000 дана жол белгісі орнатылды. Келер жылғы жоспарға сәйкес, 15 аймаққа бағдаршам орнату жоспарлануда.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша 200 орынға 800 «Сергек» камерасы орнатылған болатын. Биыл да қала аумағында құқық бұзуды тіркеуге арналған автоматты камералар желісін кеңейту бойынша 50 орынға 200 дана«Сергек» камерасын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қаламызда қауіпсіздік шаралары жыл сайын жүйелене түспек.