Шымкентте 560 дәріхана жұмыс атқарады

0
1 119

Шымкентте мобильді топ қызметі дәрі-дәрмекпен қамтуда.


Шымкентте 560 дәріхана жұмыс атқарады

Шымкент қаласында 26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі бүгінгі өткізген онлайн-брифингте мәлім етті.

Әкім Мұрат Әйтеновтың айтуынша, қалада 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекеме, 560 дәріхана жұмыс атқарады.

Бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар. Оның ішінде дене қызуын төмендететін - 115 843 препарат, вирусқа қарсы - 136 352 препараттар, антибиотиктер - 133 040 қорап, «С» дәрумендері - 44 253 қорап дәрі-дәрмек бар.
Бағаны бақылау мен алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында 4 мониторингтік топ құрылған.
Ал, материалдық-техникалық базамен қамту бойынша, қалада 323 жасанды тыныс алу (ИВЛ) аппараты бар. Оның ішінде портативті аппарат - 130, «Бобров» тыныс алу аппараты - 250, монитор - 10.
6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда екенін айтты қала әкімі.