Шымкентте 60-қа жуық республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өтті

0
240

Оған елімізідің және шет мемлекеттерден 13 мыңға жуық спортшы қатысты.


Шымкентте 60-қа жуық республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өтті

Шымкент қаласында 60-қа жуық республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

«2024 жылы қалада спорттың имиджін көтеру үшін «Дене шынықтыру орталығы» ашылатын болады.Оның басты міндеті қала тұрғындарын және өсіп келе жатқан жас ұрпақты салауатты өмір салтына тарту, спортқа баулу, қаладағы спорттық алаңшаларды және шалғай жатқан аудандарда спорттық іс-шаралармен қамту. Жалпы халықпен тығыз жұмыс жасау болып табылады», - деген Ермек Аманжолұлы басқарманың өткен жылы жеткен жетістіктері туралы да айтып берді.
2023 жылы Шымкент қаласында 60-қа жуық республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өтті. Оған елімізідің және шет мемлекеттерден 13 мыңға жуық спортшы қатысса, өңірдегі бұқаралық іс-шараларға 17 мыңға жуық адам қатысты. Спортшыларымыз спорттың түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 653 алтын, 512 күміс, 598 қола медаль жеңіп алған. Бүгінде қоржындағы жалпы медаль саны 1763 құрап отыр. Азия чемпионаттарында 90 алтын, 84 күміс және 77 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 54 алтын және 56 күміс, 61 қола және Әлем Кубогында 25 алтын, 15 күміс, 17 қола медалға ие болды.
Сонымен қатар, спорттың 27 түрінен Қазақстан Республикасының 6-жазғы спартакиадасы өтті. Оның 25 спорттық түрі бойынша Шымкент қаласы 72 алтын, 63 күміс, 55 қола жалпы 190 медальмен Алматы қаласынан кейін командалық есепте 2-орынды еншілеген.
2023 жылы Азия құрлығында ХІХ жазғы Азия Ойындары өтті. Азия ойындарына Қазақстан Республикасының құрама команда сапында Шымкент қаласынан спорттың 23 түрінен 66 спортшы қатысып 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды.