Шымкентте 7 блок-бекет жұмыс істеп тұр

0
569

Блок-бекеттерде осы уақытқа дейін 7000-нан астам автокөлік тексерілген.


Шымкентте 7 блок-бекет жұмыс істеп тұр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 7 блок-бекет жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Исламбек Қалдыбеков мәлімдеді.
Қазіргі таңда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мыңға жуық әскери қызметкері Ұлттық гвардия және полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге Шымкенттегі аса маңызды нысандарды күзетуде. Мобильді жасақ қаладағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде өткізу-бақылау қызметтерін атқаруда, – дейді маман.
Бұл блок-бекеттер қаладан шығатын 7 нүктеге орнатылған, онда Ұлттық гвардия, әскерилер және полиция қызметкерлері бірге кезекшілікте тұр. Блок-бекеттерде осы уақытқа дейін 7000-нан астам автокөлік тексерілген.