Шымкентте 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылады

0
463

Жыл басынан бері 283 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылған.


Шымкентте 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылады

Шымкентте жыл басынан бері 283 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту іс-шараларына қатыстыру жоспарлануда.
Жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Абылайхан Әбдіқадіров. 23 жастағы азаматтың денсаулығында туа бітті ақауы бар. Алайда қиындыққа мойымай, еңбектенгісі келеді. Қазіргі таңда «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығында қоғамдық ақылы жұмыс бағдарламасы бойынша қызмет атқарады.
Мамандығым заңгер. Алғам білімім мен тәжірибеммен қоғамға пайдамды тигізіп, жұмыс істегім келеді. Өмірде адал қызмет ету – басты мақсатым. Жұмыс істеймін деген адамға барлық мүмкіндік бар, – дейді Абылайхан Әбдіқадіров.
Айта кетсек, Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кез келген азаматтың жұмыспен қамту іс-шараларына қатысуға мүмкіндігі бар.