Шымкентте 8 жаңа қонақ үйдің құрылысы аяқталды

0
692

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Canvas Hotel және BellagiO қонақ үйлері қайта құрудан өтуде.


Шымкентте 8 жаңа қонақ үйдің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласында 8 жаңа қонақ үйдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығымен бірлесіп, 2023 жылға арналған туристік нысандарға түгендеу жұмыстарын жүргізуде.
2023 жылы жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан нысандарды түгендеу жұмыстарына сәйкес, бүгінде қала аумағында 8 жаңа қонақ үйдің құрылысы аяқталды.
Бұл орайда аталған нысандар 300-ге жуық жұмыс орны мен 700-ден астам жатын орындарды қамтамыз етеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Canvas Hotel және BellagiO қонақ үйлері қайта құрудан өтуде.
Айта кетейік, VISIT-SHYMKENT.KZ туристік-ақпараттық порталында жалпы саны 600-ден астам түрлі бағыттағы ақпараттар базасы бар.
Қала аумағындағы туристік нысандар, сауда орталықтары, мәдени кешендер, саябақтар және де орналастыру (жайғастыру) орындары мен тамақтану орындарын қамтитын жолсілтеме бағыты бойынша жалпы саны 5000-нан астам ақпарат енгізілген.
Ал, туристік қызметтер бағыты бойынша гид-экскурсоводтар, турагенттіктер мен дайын бағыттар, тағам жеткізу мен көлік қызметтерін қамтитын жалпы саны 100-ге жуық ақпарат бар. Жыл басынан бері ақпараттық порталды пайдаланушылар саны 50-ге жуықтаса, мобильді қосымшаны бірнеше ондаған турист қолданған.
Сондай-ақ, жаңа туристік нысанды қалыптастыру, тарихи-киелі жерлерді зерттеу және табиғи туристік нысандарды қорғау мақсатында «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы экспедиция ұйымдастырмақ. Оған археологтар, өлкетанушылар және туризм саласындағы сарапшыларды шақыру жоспарланып отыр.