Шымкентте 9 жасар қызға қол жүгіртті делінген күдікті психоневрологиялық диспансерге жатқызылды

0
1 173

Қыз баланың іш киіміне қолын сұғып жыныс мүшесіне қол жүгірткен.


Шымкентте 9 жасар қызға қол жүгіртті делінген күдікті психоневрологиялық диспансерге жатқызылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тоғыз жасар қыз балаға жыныстық сипаттағы азғындық қылық көрсетті деп күдікке ілінген ер адам психоневрологиялық диспансерге жатқызылды. Аталған жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында 14 қыркүйек күні тоғыз жасар қыз баланың әжесі тәртіп сақшыларына арызданған. Ол көршісінің, яғни, ер адамды немере қызына жыныстық сипаттағы өрескел әрекет жасаған деп айыптаған.

Әжесінің айтуынша, көршісі кішкентай қызға кесіртке көрсетіп алдандырған. Қыз баланың іш киіміне қолын сұғып жыныс мүшесіне қол жүгірткен. Мұны байқап қалған көрші тұратын 8 жасар бала айқайлап көмекке үлкендерді шақырған. Жәбірленуші бүлдіршіннің әжесі оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырған.

Күдікті қамауға алынғанымен кейіннен бостандыққа жіберілген. Арнайы тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған қыз баланың денесінде азғындық әрекеттерін сипаттайтын дене жарақаттары анықталмаған. Ал күдікті психоневрологиялық диспансерінде есепте тұратын болып шыққан.

Содан бері күдіктінің көршілері балалары үшін алаңдап, мектепке де жетектеп өздері апарып әкеліп жүрген. Шулы оқиға болған Шымкенттегі "Хамза" елдімекенінің тұрғындарының айтуынша, кәмелетке толмаған қыз балаға жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерін жасаған деп күдіктелген ер адам емдеу мекемесіне жатқызылған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі істің бақылауда екендігін мәлімдеді.