Шымкентте 91 жастағы әжей жуынатын бөлмеде 2 күн жатқан

0
2 643

Қазіргі таңда әжейдің жағдайы жақсы.


Шымкентте 91 жастағы әжей жуынатын бөлмеде 2 күн жатқан

Шымкентте 91 жастағы әжей жуынатын бөлмеде 2 күн жатқан ERNUR.KZ.


Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметінің пультіне 29 қаңтар күні сағат 09:36-да әлеуметтік қызметкерден хабарлама келіп түсті.


Хабарламада оның Т. Әлімқұлов көшесінде тұратын 1930 жылы туған қарауындағы әже телефон қоңырауларына жауап бермегендіктен, ол шұғыл түрде зейнеткердің үйіне барғандығы айтылған. Тұрғылықты жеріне келгенде, қоңырау шалғаннан кейін әлеуметтік қызметкер әжейдің әрең шығып жатқан дауысын естиді. Жедел «112» нөміріне хабарласып, құтқарушыларды шақырады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар кіреберіс есікті ашып берді. Ішкі кіргеннен кейін анықтағаны, қарт әжей жуынатын бөлмеде құлап, екі күн жатып қалған.


Абырой болғанда әжей дін аман, жедел медициналық көмек қажет еместігін айтты.