Шымкентте А вирусты гепатиті аурушаңдығының жоғарылауы байқалған

0
227

А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?


 Шымкентте А вирусты гепатиті аурушаңдығының жоғарылауы байқалған

Шымкентте а вирусты гепатиті аурушаңдығының жоғарылауы байқалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы баспасөз конференцияда айтты.
«Вирустық гепатиттер – қоздырғыштары А, В, С, D, Е вирустары болатын бауырдың жұқпалы-қабыну ауруларының тобы. Олардың әрқайсысы гепатоциттерге тікелей немесе жанама зақымдау әсерін тигізіп, ағзалардың функциясының бұзылуына, ал бірқатар жағдайларда – күрделі, кейде өмірге қауіпті асқынулардың (цирроз, бауыр обыры) дамуына әкеледі. Науқастардың ағзасына көптеген жылдар бойы теріс әсер ете отырып, сауығумен аяқталуы немесе созылмалы түріне айналуы мүмкін. Вирустар әртүрлі жолдармен беріледі.
А және Е гепатиті - ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы, В гепатиті - қан және ағзаның басқа да сұйықтықтары арқылы, С гепатиті - негізінен жұқтырылған қан және D гепатиті В гепатитімен ауыратын науқасқа қосымша инфекция ретінде жүреді. Кез келген вирустық гепатиттерді диагностикалауға және емделушіге терапияның барынша тиімді тексеріп, емдеумен медицина қызметкерлері көмектеседі. Мұқият тексеру және қажетті тексерулердің нәтижелері дәрігерге аурудың жағдайының ағымы туралы толық түсінік береді, сол мәліметтердің негізінде науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес ем тағайындайды. Гепатологтардың, инфекционистер мен гастроэнтерологтардың тағайындауларын сақтаған жағдайда, науқастардың жағдайлары жақсарады.
Шымкент қаласы бойынша көп жылдық талдау жасау барысында А вирусты гепатиттің аурушаңдығының жоғарылауы байқалуда. 2023 жылдың 8 айында 79 жағдай «А» вирусты гепатиті тіркеліп, 100 мың тұрғынға 6,7 көрсеткішін құрады, 2022 жылдың салыстырмалы кезеңінде 3 жағдай тіркелген. 2022 жылы 3 жағдай ғана тіркеліп, 0,28 көрсеткішін құраған. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 44 жағдай тіркеліп, ауырғандардың 55,6% құрады», - деді А.Тұрымбетова.
Спикердің айтуынша, науқастардың кәсіптік құрамына талдау барысында 79 жағдай:
Оқушылар – 24 жағдай (30,3%)
Ұйымдастырылған балалар – 11 жағдай (13,9%)
Ұйымдастырылмаған балалар – 18 жағдай (22,7%)
Басқа топқа жататын ересектер – 26 жағдай (32,9%).
Ауырғандардың ішінде 2 бала 1 реттік егуін алса, 12 бала 2 реттік егуін алғандар арасында тіркелген. 13 (29,5%) баланың ата-анасы егуден бас тартқан, 4 балаға денсаулығына қарай медициналық шегерім берілсе, 1 бала егу жасына жетпеген, ал қалған 12 (29,5%) баланың егулері белгісіз.
Сонымен қатар науқастармен қарым-қатынаста болған үй ошағында 217 адам тіркелген, балалар 86, егуі бар 54, ұйымдастырылған ұжымнан 90, оның ішінде 75 бала ВГА қарсы егілген. 47 баланың «А» вирусты гепатитіне қарсы егулері жоқ, оның ішінде 5 бала эпид.көрсеткішіне қарай егілді, 8 баланың ата-анасы егуден бас тартқан, 6 балаға медициналық шегерім берілген, 12 баланың жасы егу жасына жетпеген, қалған 16 бала себепсіз егілмеген.


А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

А вирусты гепатиті (ВГА) – бұл бауырды зақымдай отырып жүретін жіті жұқпалы ауру.
А гепатитінің клиникалық белгілері: қалтырау (дене қызуының көтерілуі), әлсіздік, жүрегі айну, құсу, ішінің ауруы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы, тері қабатының сарғаю. Аурудың клиникалық белгілері жеңіл сарғаю түрінен ауыр ағымға өтіп, кей жағдайларда өлімге дейін алып келуі мүмкін.
Науқас вирусты аурудың алғашқы кезеңінде бөледі, сондықтан клиникалық белгілері білінгенге дейін ауру көзі болып, басқаларға жұқтырады.
А гепатитінің вирусы адам ағзасынан нәжіспен және зәрмен бөлініп, суды, тағамды және қолданыстағы заттарды зақымдайды. А вирусты гепатитінің вирусы жоғары зақымдағыш қабілетке ие, вирус адам ағзасына ауыз қуысы арқылы зақымданған су, тағамдық өнімдер, сонымен қатар науқаспен қатынаста болғанда жеке бас гигиенасын сақтамағанда лас қол арқылы жұғады. А гепатитімен жылдың кез келген мерзімінде ауырады, көбіне жаз-күз айларында.
А вирусты гепатитінің алғашқы белгілері жұқтырған күннен бастап ауру белгілері 7 күннен 50 күнге дейінгі аралықта пайда болады. Сарғаю белгілері білінгенге дейінгі мерзімдегі науқастар өте қауіпті, бұл кезде науқас вирусты көптеп бөледі. Сарғайғаннан кейін науқас вирусты аздап бөліп, соңынан толық тоқтайды. Ауруды ерте анықтап, уақытылы ауруханаға жатқызу жұқпаның таралуының алдын алады.
Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде А гепатитімен 1,5 миллион адам ауырады екен. А гепатиті гигиеналық және санитариялық жағдайы төмен елдерде жоғары деңгейде тіркеледі екен. Ауыз су тапшылығы, нашар су және канализация жүйесінің және тұрғылықты тұрғындардың гигиеналық деңгейі төмен дамыған елдерге барған кезде жұқтыруы мүмкін.
А гепатиті аса қауіпті ауруға жатпайды, бірақ кей жағдайларда ауыр бауыр жетіспеушілігіне алып келеді. Дәрі-дәрмектік ем қабылдамаған жағдайда комаға және ары қарай өлім жағдайына алып келуі мүмкін.
А вирусты гепатитінің алдын алу іс-шаралары:
- жеке бас гигиенасын сақтау, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында немесе дәретханаға барғаннан кейін қолды мұқият сабындап жуу;
- тек қайнатылған су ішу. Вирус суды 100 0С қайнатқанда, тек 5 минуттан кейін ғана өледі;
- шомылуға арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылу;
- жеміс-жидекті қолданар алдында мұқият жуу;
- тағамдық өнімдерді белгісіз адамдардан немесе рұқсат етілмеген жерлерде сатып алмау;
- үй жағдайында тамақ дайындар алдында гигиеналық ережелерді және тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін сақтау;
- тағамдық өнімдерді мұқият қуыру немесе қайнату;
- 2 жастағы балаларға вакцинация жүргізу.
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты оқушылар қоғамдық авто көлікте, адамдар көп шоғырланатын орындарда тығыз қарым-қатынаста болауына орай аурушаңдықтың өршуіне алып келуі мүмкін.
Сондықтан міндетті түрде ұйымдастырылған ұжымға баратын балаларды егу күнтізбесіне сай барлық профилактикалық егулерін уақытылы егу күнтізбеге сай алғаны жөн. Сонымен қатар, балаларды жеке бас гигиенасын сақтау ережелеріне үйретіп, сақтанып жүруді ескерткен жөн.
Бүгінгі күнге А вирусты гепатитінің алдын алудың тиімді әдістерінің бірі – вакцинация жүргізу. 2006 жылдан бастап 2 жастағы балаларды егу күн тізбеге сәйкес вакцинация 2 егу курсынан тұрады: алғашқы егуін алғаннан кейін екінші егуін 6 айдан кейін алады.

Сондай-ақ созылмалы вирусты гепатиттер бойынша 2023 жылдың 8 айында 355 жағдай тіркелген, 100 мың тұрғынға көрсеткіші 30,4, 2022 жылдың салыстырмалы кезеңінде 337 жағдай тіркелген. Аурушаңдық 18 жағдайға жоғарылаған. Созылмалы вирусты гепатиттердің ішінде: СВГВ 110 жағдай, СВГВ+Д түрімен 3 жағдай, СВГС түрімен 222 жағдай. Салыстырмалы аурушаңдық төмен тіркелгенмен, жылдан жылға эпидемиологиялық жағдай күрделенуде.

Яғни, жылдан жылға вирусты гепатиттердің ішінде созылмалы вирусты гепатиттердің үлесі артып келеді. В және С гепатиті вирустары жұқтырған қанның аз мөлшері арқылы беріледі. Инфекцияның өте аз мөлшерінің өзі қанға тері қабатын зақымдап, кесіп немесе жырып алған кезде де жұғады. В,С гепатиті вирусы тек қанда ғана емес, сонымен қатар науқастың немесе вирус тасымалдаушының шәуетінде, қынап секрецияларында, сілекейінде, емшек сүтінде және басқа да биологиялық сұйықтықтарында кездеседі.
Инфекция пирсинг, татуировка, маникюр, педикюр, моншадағы жуынатын ысқылағыш заттарды жеке қолданбағанда немесе нашар өңделген құралдармен құлақты тесу, косметологиялық қызметті көрсету кезінде жұғуы мүмкін.
В гепатитіне қарсы иммундау ҚР алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесіне енгізілген декретивті контингенттерге және балаларға өмірдің бірінші жылында жүргізіледі (өмірдің 1-4 күні 2 ай және 4 ай ревакцинациялаумен вакцинациялау).
Парентеральды гепатиттердің алдын алу:
В гепатитіне қарсы вакцинация жасау;
С вирустық гепатитіне қатысты вирусқа қарсы терапияны тағайындау үшін инфекционист дәрігерге дер кезінде медициналық көмекке жүгіну;
сенімді жыныстық серіктес және презервативті пайдалану;
- есірткі заттарынан үзілді-кесілді бас тарту;
- тері қабаттары мен шырышты қабаттардың бүтіндігін бұза отырып (татуировкалар, пирсинг, маникюр, перманенттік макияж және т.б.) барлық манипуляцияларды жүргізуді заттардың зарарсыздандыру және жабдықтарды дезинфекциялау қағидаттарын сақтай отырып, мамандандырылған мекемелерде жүзеге асыруға;
- жеке гигиенаның жеке заттарын, ұстара және маникюр керек-жарақтарын, сүлгілерді, қайшыларды, тарақшаларды, мочалкаларды, тіс щеткаларын және т.б. пайдалану.
Егер де қандайда бір ауру белгілері байқалса тез арада дәрігерге қаралып, тиісті емін уақтылы алу қажет екендігін айтады мамандар.