Шымкентте «Айбынды жауынгер» атты мерекелік іс-шара өтеді

0
1 159

Мерекеге орай жауынгерлер Қазақстан Республикасының отыз Мемлекеттік Туын алаңнан шерулетіп алып өтеді.


Шымкентте «Айбынды жауынгер» атты мерекелік іс-шара өтеді

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Айбынды жауынгер» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған шараның аясында Қазақстан Қарулы күштерінің тарихына арналған танымдық фотокөрме ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қала тұрғындар Шымкент әскери гарнизонының базасындағы әскери техника және қару-жарақ үлгілерін тамашалай алады.
Мерекеге орай жауынгерлер Қазақстан Республикасының отыз Мемлекеттік Туын алаңнан шерулетіп алып өтеді. Сондай-ақ, көрермендердің назарына ұлттық және заманауи үлгідегі ұрыс тәсілдерін паш ететін сахналық қойылымдар, Шымкент әскери гарнизоны сарбаздарының жаттығулары мен патриоттық әндерден концерт ұсынылады. Сонымен қатар алаңға жиналған көпшілікпен интерактивті ойындар да ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.