Шымкентте алғаш рет эпилепсияға шалдыққан науқасқа ота жасалды

0
403

Мұндай операциялар осыған дейін тек балаларға жасалған болатын.


Шымкентте алғаш рет эпилепсияға шалдыққан науқасқа ота жасалды

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында алғаш рет эпилепсияға шалдыққан ересек науқасқа күрделі ота жасалды.


Қалалық №2 ауруханада эпилепсия диагнозы қойылған 25 жастағы науқасқа ота жасалды. Консервативті ем нәтижесінде ауруы асқынған тұрғынның бас миында ісік анықталған.

Білікті нейрохирург Еркін Медетов бастаған дәрігерлер тобы үш сағатқа созылған ота кезінде ісікті толығымен алып тастады. Оның қазіргі жағдайы жақсы.

Сәйкесінше,науқас отаға дейін қабылдап келген препараттарды ішуді тоқтатты. Айта кетейік, мұндай операциялар осыған дейін тек балаларға жасалған болатын.