Шымкентте алғаш рет инфаркт алған науқасқа стенд қою отасы жасалды

0
586

Қазір науқастың жағдайы жақсы.


Шымкентте алғаш рет инфаркт алған науқасқа стенд қою отасы жасалды

Шымкенттегі №2 қалалық ауруханасында инфаркт алған науқасқа алғаш рет шұғыл түрде жүрек қан тамырларына стенд қою отасы жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Заманауи әдіспен жасалған ота аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиевтің жетекшілігімен өтті.
16-ақпан күні сағат кешкі 21-00 шамасында ауруханаға өз шағымымен Сарыағаш ауданының 64-жастағы егде жастағы кісі медициналық көмекке жүгінген. Науқас өз шағымында жүрек тұсында қатты ауырсынуды айтып, мазасызданып жатқанына шағымданған.
Тексеру барысында науқастың инфаркт алғаны анықталған. Мұндай кезеңде дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға 10 және 60 минут аралығында уақыттары болған. Отаны неғұрлым ерте жасау науқастың өмірін алып қалуға және мүгедекті алдын алуғам зор септігін тигізеді.
Дәрігерлер науқасқа толық тексеру жасап болған соң ангеографиялық зерттеу орталығына кіргізіп, ота жасауға көшкен.
Ота науқас кіргеннен сәттен бастап 20 минут ішінде сәтті түрде жасалды” - дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Рахматалиев Асқар.
Қазір науқастың жағдайы жақсы. Өзін жақсы сезінуде. Бір екі күннің ішінде пациент ауруханадан шығарылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, тіліксіз жасалған операция кезінде дәрігерлер наркоз қолданбай, жергілікті анестазияның көмегімен жабық түрде ота жасады.