Шымкентте алғаш рет мектеп директорлары арасында дебат турнир өтті

0
904

Турнирге білім басқармасына қарасты 33 білім мекемесінен 17 фракция қатысты.


Шымкентте алғаш рет мектеп директорлары арасында дебат турнир өтті

Шымкент қаласында “Жаңа Қазақстан: Білім көкжиегіндегі Жаңа мүмкіндіктер”атты мектеп директорлары арасында алғаш рет қалалық дебат турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Аталған шараның мақсаты - “Білімді ұлт” сапалы білім беру” ұлттық жобасын іске асыру, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамыту.

Турнирге білім басқармасына қарасты 33 білім мекемесінен 17 фракция қатысып, 34 бірінші басшылар бақтарын сынады. Ойынға ЖОО студенттері және ардагер тәжірибелі пікірсайысшы педагогтер төрешілік жасады.
Турнир нәтижесінде жүлделі I орын “Абайдың жүйріктері" фракциясы-Сарыбасов Асылбек Асанұлы №49 ЖОББМ, Калтаева Жамила Биртанова №73 ЖОББМ директорлары иеленсе, “Жаңашыл көшбасшы” фракциясы- Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия директоры Абильдаева Гулназ Сайлауовна, N35 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Қарабаева Жайна Амантаевна II орын иегері атанды. III орынды “Жарық жұлдыздар” фракциясы- N125 жоббм директоры Умбетбаев Баглан Шереханович, N85 жоббм директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы, “Үздік талпыныс” номинациялы дипломды - “Ұтқыр алаң” фракциясы N115 ноббм директоры Асибекова Жадыра Назимхановна, N102 жоббм директоры Баратов Ерали Бийжигитович қанжығасына байлады.
Ал, Линкольн және Дуглас форматы бойынша турнирге қатысқан 32 директордың ішінен оқ бойы озық шыққан Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназия директоры Қайыпов Алмас Серікұлы турнирдің «Ең үздік спикері» атағын жеңіп алды. Ойын барысында үздік ойын көрсеткен фракциялар арнайы номинациялы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.