Шымкентте әр 10 минут сайын бір сәби дүниеге келеді

0
2 299

Күніне 120 сәби дүние есігін ашады.


Шымкентте әр 10 минут сайын  бір сәби дүниеге келеді

Шымкентте өткен жылы 31 мың 445 бала дүние келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 342 балаға артық.

Медицина мамандарының айтуынша, үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби туылады. Яғни, әр он минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады.

Айта кетейік, 2020 жылы туылған сәбилердің арасында егіздер мен үшемдердің де өсуі байқалады. Өткен жылы 274 егіз және 6 үшем дүниеге келген.