Шымкентте әр 15 минут сайын 1 нәресте жарық дүние есігін ашады

0
731


Шымкентте әр 15 минут сайын 1 нәресте жарық дүние есігін ашады

«Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді, деп жазады ERNUR.KZ.




Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңа босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.

Шымкент
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
«Наурызды тойлау бүгін Шаңырақ күнімен жалғасып жатыр. Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне, соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын. Мемлекет басшысы, үкіметіміз де халқмыздың санының молаюына ерекше мән беріп, қолайлы жағдай жасап отыр», - дейді Сәрсен Абайұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша 4 перзентхана жұмыс істейді. Қалада жыл басынан бері 4 911 сәби дүниеге келді. Оның 2 493-і ұл болса, 2 418-і қыз.