Шымкентте ​Армениядан әкелінген 244 көлік тіркелді

0
666

Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.


Шымкентте ​Армениядан әкелінген 244 көлік тіркелді

Шымкентте Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары жалғасуда.


Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.

Оған 695 теңге (0,25 АЕК) - тіркеу үшін алым;

3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;

7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Азаматтар көлік құралдарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдеріне барып, 10-15 минут ішінде тіркей алады.
Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген 244 автокөлік, яғни 57,3 пайызы тіркелді. Одан бөлек Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Армения Республикасынан алып келінген автокөліктер бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.