​Шымкентте атыс болды: Оқ тиген 18 жасар бозбала ауруханада жатыр

0
1 966

Жас жігіттердің арасында жанжал болып соңы атысқа ұласқан.


​Шымкентте атыс болды: Оқ тиген 18 жасар бозбала ауруханада жатыр

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласында жас жігіттердің арасындағы жанжалдың соңы атысқа ұласып, бір жігіт ауруханаға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қанды оқиға 2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде орын алған.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жанжал барысында «Хюндай Акцент» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 3 бабы "адам өлтіруге оқталу", "бұзақылық" және "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.

Ауруханаға ауыр хәлде түскен науқас 2002 жылы туылған. Оқ тиген жарақат орнына ота жасалып, бүгінде жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын мәлімдеді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.