Шымкентте "Аяз ата" автобус айдап, сыйлық таратып жүр

0
699

Шаһар тұрғындары жаңа жыл мерекесіне орай, не шықса да, Шымкенттен шығатынын тағы бір дәлелдеді.


Шымкентте

Әне-міне дегенше, қоян жылы есігімізді қаққалы тұр. Жаңа жыл жақындағалы еліміздің барлық өңірінде қызу дайындық басталып кеткені рас. Қайда барсаңыз да, барлық жерде жаңа жылдық атмосфера сезіледі.

Ал, Шымкент өзгелерді таңқалдырудан әсте жалықпайды. Шаһар тұрғындары жаңа жыл мерекесіне орай, не шықса да, Шымкенттен шығатынын тағы бір дәлелдеді.

Мерекеге орай, қалада тек нысандар мен көшелер ғана емес, біршама қоғамдық көліктер де безендірілген. Тіпті автобус жүргізушілері Аяз ата кейпіне еніп, тақпақ айтқан жолаушыларға сыйлық беріп жатыр.


Аталған бастаманы ТОО “Shymkent Bus” компаниясы ұйымдастырған. Қазіргі таңда қалада 12 автобус жолаушыларға керемет көңіл-күй сыйлап жүр. Өз кезегінде бұл іс-шара шаһар тұрғындарының көңілінен шыққан көрінеді.

ERNUR.KZ.