Шымкентте БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

0
653

Журналистер спорттың 4 түрі бойынша бақ сынады.


Шымкентте БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

28 маусым — БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі жарыста журналистер спорттың 4 түрі, атап айтқанда, шығын футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярдтан бақ сынад.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдыр мен қалалық «Шымкент келбеті» — «Панорама Шымкента» газеттерінің Бас редакторы Бақтияр Тайжан сөз сөйлеп, әріптестерін төл мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты доданың бірінші күнінде волейболдан 7 команда қатысып, І орынды «ERNUR Press»» командасы алды. «Түркістан» командасы ІІ орын, «Түркістан TV» командасы ІІІ орынға ие болды. Ал үстел теннисінің қорытындысы бойынша қыздар арасында І орын «Оңтүстік» телеарнасына бұйырды «Oninfo» ақпаратық порталы ІІ орын, «Қызмет» газеті ІІІ орынға шықты. Ерлер арасында үстел теннисінен І орында «Түркістан» командасы қанжығылады.
«ERNUR Press» пен «Түркістан TV» командалары екінші, үшінші орыннан көрінді. Спартакиаданың бірінші күнінде журналистер арасында спорттық бәскелер қызықты әрі тартысты өтті.
Аталған спартакиадаға Шымкент қаласындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының командалары қатысты.
Айта кетейік, 28 маусым – Қазақстандағы БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі. Осыған дейін «Журналистер күні» маусымның соңғы жексенбісінде бейресми аталып келген болатын. 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма беріп, Қазақстандағы журналистер күнін ресми түрде бекіткен болатын. Үкіметтің қаулысымен 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі ретінде белгіленді.