Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған фестиваль өтті

0
1 310

Концерттік бағдарлама қойылып, балаларға сыйлықтар үлестірілді.


Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған фестиваль өтті

Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығында» «Senimdi Joǵaltpa» атты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған фестиваль өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған игі шара барысында балалар психолог, кәсіпкер сынды спикерлерді тыңдап, спорт пен би өнері, сонымен қоса саксафонда ойнаудан және мэйкаптан арнайы тәжірибелік сағаттарға қатысты. Оған қоса, фестиваль соңында заманауи ән мен биден концерттік бағдарлама қойылып, балаларға сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетейік, бұл фестивальді ұйымдастырушылар Шымкент қаласының белсенділері мен жастар мәслихатының депутаты Шайдуллин Тимур және Зарина Нуржановна.