Шымкентте бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

0
509

Ashyq жобасына қатысатын түнгі клубтардың қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл мәртебе» болған жағдайда жүктелім 50%-ға дейін немесе 70 орыннан асырмай жұмыс істеуге болады.


Шымкентте бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 қазандағы №32 «Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, Ashyq көшбасшыларының жұмыс уақыты сағат 03.00-ге дейін деп белгіленді. Бірақ ол үшін қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы шарт.
«Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебенің» болуы және жұмыс режимін шектеу туралы талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль вокзалдарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО - ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - деп жазылған жаңа қаулыда .
Ал Ashyq жобасына қатысатын түнгі клубтардың қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл мәртебе» болған жағдайда жүктелім 50%-ға дейін немесе 70 орыннан асырмай жұмыс істеуге болады.