Шымкентте биыл 30 көшеге энергия үнемдейтін шамдар орнатылады

0
575

LED шамдар заттардың түсін, түрін нақты әрі дәл көрсетумен ерекшеленеді.


Шымкентте биыл 30 көшеге энергия үнемдейтін шамдар орнатылады

Шымкент қаласында көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен 643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 30 көшедегі түнгі жарық шамдар толық жаңарып, энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдар орнатылады.

Жаңа шамдардың басты артықшылығы сол, шамдардың жарықтығы, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы, энергия тұтынудың төмендігі және экологиялық қауіпсіздігі. Сонымен қатар, LED шамдар заттардың түсін, түрін нақты әрі дәл көрсетумен ерекшеленеді. Бұл көлік жүргізушілері үшін аса маңызды.
Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан орталық маңызға ие көшелерін қамту жоспарланып отыр. Жарық шамдары қайта жөнделетін көшелер ішінде Темірлан тас жолы мен Гагарин, Түркістан, Төле Би секілді қаланың басты көшелерімен бірге елді мекендегі көшелер де бар.
Айта кетейік, ағымдағы жылы қаламызда 104 көшеде жаңа жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары басталса, оның 54 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.