​Шымкентте бригаданың жаңа командирі тағайындалды

0
847

Әскери бөлімнің жауапты аймағы Түркістан және Қызылорда облыстарын, Шымкент қаласының аумағын қамтиды.


​Шымкентте бригаданың жаңа командирі тағайындалды

35748 әскери бөліміне «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Ержан Ибраев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары 35748 әскери бөлімінің жаңадан тағайындалған командирі полковник Айтқожин Әмірқожа Қазбекұлын жеке құрамға таныстырды.

Әмірқожа Қазбекұлы 1980 жылы 17 сәуірде Көкшетау облысында дүниеге келген. Офицер ҚР ҚК әскери академиясының түлегі, сондай-ақ Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде білімін шыңдаған.
Лейтенант шенінен полковникке дейін жеткен Әмірқожа Қазбекұлы, десанттық-шабуылдау взводының командирінен бастап, 30238 әскери бөлімінің командиріне дейін әскери лауазымдарда қызмет еткен. Әскери қызметті Еліміздің барлық аймақтарында абыроймен атқарған.
Бөлімнің жаңа командирін таныстыра отырып, әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Ержан Ибраев қызмет барысында Әмірқожа Қазбекұлы әскери істің қыр-сырын және ерекшелігін білетін жоғары дәрежелі маман екенін атап өтті, сондай-ақ жаңа командирді қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған қызметте табыс тіледі.
Айта кетсек, механикаландырылған бригада - Құрлық әскерлеріндегі ең ірі әскери бөлімі.
Әскери бөлімнің жауапты аймағы Түркістан және Қызылорда облыстарын, Шымкент қаласының аумағын қамтиды. Бригада құрамына мотоатқыштар, танк, артиллерия, барлау бөлімшелері, әуе қорғанысы, РХБ қорғау және байланыс бөлімшелері кіреді. Ал жеке құрамның дайындық деңгейі мен техникалық жабдықталуы бойынша бригада еліміздегі үлгілі әскери бөлімдер қатарына кіреді.