Шымкентте ел ағаларына құрмет көрсетілді

0
514

Жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткері Ш. Мырзахметов жиынға келген ел ағаларын мерекемен құттықтады.


Шымкентте ел ағаларына құрмет көрсетілді

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында түрлі салада еңбек еткен ардагерлер бас қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың өркендеуіне үлес қосқан ел ағаларына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Ынтымақ пен бірліктің арқасында еліміз өтпелі кезеңнің қиындықтарын сәтті еңсеріп, дербес даму мен өркендеу жолына түсті. Сіздер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең күрделі кезеңдерді, сындарлы шақтарды бастан өткіздіңіздер. Өтпелі кезеңнің барлық ауыртпалықтарын көтере білдіңіздер! Сол арқылы осындай тәуелсіз ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасадыңыздар! Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласы да бүкіл елімізбен бірге даму мен өркендеудің жаңа сатысына көтерілгені баршаға мәлім. Қажырлы еңбектеріңіз арқылы қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қостыңыздар! Бүгін Сіздерге табыс етіліп отырған мемлекеттік наградалар мен марапаттар елге сіңірген еңбектеріңізге берілген лайықты баға! - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткері Ш. Мырзахметов жиынға келген ел ағаларын мерекемен құттықтады.