Шымкентте «Елін қорғау – елге серт» атты мерекелік іс-шара өтті

0
918

Мерекелік кешке әскери саланың ардагерлері келді.


Шымкентте «Елін қорғау – елге серт» атты мерекелік іс-шара өтті

Шымкенттегі №6698 әскери бөлімінде «Елін қорғау – елге серт» мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекеге Абай аудан әкімдігінен жауапты қызметкерлер, депутаттар мен қала тұрғындары қатысты.

ҚР Ұлттық Ұланның №6698 әскери бөлімнің командирі, подполковник Ғазиз Оңласынұлы қонақтарды мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.
– Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына – 30 жыл. Сондай-ақ Ұлы Жеңіске 77 жыл толып отыр. Отан қорғаушылар күні – бұл еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін ұлық мереке. Әскеріміздің айбынын асқақтатқан, қолға қару алып, мойнына үлкен жауапкершілік арқалаған жауынгерлерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Аға ұрпақпен, жас буынның Отанымызды қорғап, қызметке айтулы үлес қосқанын біз әрқашан да мақтан тұтамыз, - деді Ғазиз Оңласынұлы.
Мерекелік кешке әскери саланың ардагерлері келді.
Бұл мереке – баршамызға ортақ. Бүгін әскери бөлімнің қызметкерлері ардагерлерге деген өздерінің құрметін көрсетіп жатыр. Еліміздің тыныштығы сақтап, қорғаны болып жүрген ерлеріміздің еңбегіне табыс тілеймін, - деді №6506 және №6698 Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінің ардагерлер кеңісінің төрағасығ запастағы полковник Мәжит Нұртазаұлы.
Ұлттық Ұлан жауынгерлері алғыс хатпен марапатталды. Кеш көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.