Шымкентте "Еңбек жолы" конкурсының жеңімпаздары марапатталады

0
473


Шымкентте

21 қыркүйекте «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтты.

2023 жылдың мамыр айында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік беретін ресубликалық «Еңбек жолы» конкурсы басталған болатын. Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша өңірлік деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп, «Еңбек жолы» конкурсына жалпы 38, оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номимнациясына – 4; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 10; «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясына – 24 үміткер қатысуға ниет білдірді.
Қазіргі уақытта аталған конкурс қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды. 21 қыркүйекте «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және т.б. марапаттау рәсімдері өтетін болады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және "Жастар рухының" съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды» екендігін алға тартты.

Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және "Жастар рухының" съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды»,- деген.
Осы аталған басымдықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 1004 қаулысымен «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, қоғамымыздың барлық салалаларында тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.
Аталған іс-шаралар жоспары аясында, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» № 689 қаулысымен қыркүйектің соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» болып бекітілді.

Осыған орай Министрлік тарапынан 2023 жылғы 28 тамызда «Еңбек күнін» мерекелеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс атқарылуда.