Шымкентте еркін және әйелдер күресінен ҚР чемпионаты өтеді

0
610

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен, жалпы 20 команда қатысады.


Шымкентте еркін және әйелдер күресінен ҚР чемпионаты өтеді

Шымкент қаласында 2021 жылдың 09-12 қараша аралығында еркін және әйелдер күресінен 2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен, жалпы 20 команда, 320 спортшы қатысады. Осылайша «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» өтетін дүбірлі додада ел үздіктері анықталмақ.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 9 қараша, сағат 16:00-ге жоспарланған.