Шымкентте есепте тұратын туысы екі жасар баланы терезеден тастап жіберген

0
985

Жағдайы ауыр.


Шымкентте есепте тұратын туысы екі жасар баланы терезеден тастап жіберген

Шымкентте екі жасар бала терезеден құлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"103" Жедел жәрдем қызметінен 23 қарашада сағат 21:00-де баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға Әл-Фараби ауданында, Ғ.Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.
Бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Полиция департаментінің қызметкерлерінен болған оқиға туралы ақпаратты нақтылау кезінде баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден тастағаны анықталды.
2021 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.